379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШЫҰ Бас хатшысы Н.Назарбаевтың еңбегіне жоғары баға берді

  • 181
  • UPD: 09:14, 21.03.2019

Қытай Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтатуына байланысты қабылдаған шешіміне түсіністікпен қарайды.

Осы елдегі меншікті тілшіміз Нұрбек Бекенмен сұхбаттасқан Қытай Сыртқы Істер министрлігінің ресми өкілі Гэн Шуан  осылай деп мәлімдеді. Ал Шанхай ынтымақтастық ұйымының  Бас хатшысы Владимир Норов халқының сыйына бөленген саяси тұлғаның еңбегіне жоғары баға берді.

Қытай астанасы Бейжіңде өткен үлкен баспасөз конференцияларында шет лдік тілшілерді де Қазақстан туралы және оның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімі жайлы сұрақтар қызықтырды. ШЫҰ Бас штаб пәтерінде баспаөз маслиххатын өткізген Бас Хатшы  «Нұрсұлтан Әбішұлы Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған және оны дамытуда өлшеусіз үлес қосты. Ұлт көшбасшысы елдің үйлесімді, әрі тұрақты дамуына жағдай жасап, бағытын айқындап берді. Сонымен қатар билікті конститутциялық тәртіпке сай байсалды түрде тапсырды» - деген пікір білдірді. Қазір сол конференциядан үзінді көрейік.

Владимир Норов, ШЫҰ Бас хатшысы:

- Біз оның бұрынғыдай маңызды саяси өкілеттілігін сақтап қалғанына разымыз, оның билік партиясын басқаруы ішкі саяси үрдістердің тұрақтылығына кепіл болады. Елдің басты даму векторын көрсетіп тұратын барометр дер едім. Н. Назарбаевтың ШЫҰ құрудағы еңбегін мойындаймыз, ол ұйымның халықаралық аренадағы беделін араттыруға, мемлекеттер арасындағы достықты нығайтуға, әріптестік пен өзара түсіністікті қалыптастыруға зор үлес қосты.

Бұған қоса Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкіллеттігін тоқтату шешіміне қатысты ресми Бейжің де өз ұстанымын айтты. СІМ ресми өкілі Гэн Шуаннан Елбасы Қазақстан мен Қытай арасындағы байланысты арттыруға қандай үлес қосты деген сауал қойдым. Жауабын тыңдап көрейік.

Гэн Шуан, ҚХР СІМ ресми өкілі:

- Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының негізін қалаушы, ұлт көшбасшысы. Қытай тарабы оның қабылдаған шешіміне түсіністік білдіреді. Екі елдің арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 27 жылдың ішінде Нұрсұлтан Назарбаев Қытай мен Қазақстанның жан-жақты стратегиялық серіктестігіне жол ашты, сонымен бірге «Бір белдеу, бір жол» бастамасын қолдап, оны жүзеге асыруға белсенді араласты.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті лауазымына кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев та Қытайдың бұрыннан танитын досы. Сондықтан Қазақстанның жаңа президентпен жаңа жетістіктерге жететініне сенім білдірді.  «Қазақстан мен Қытай тату көрші, екі елдің арасындағы қарым-қатынастар әрқашан тараптардың мүддесіне сай. Сондықтан оның болашағы да зор деп санаймыз» дейді СІМ ресми өкілі.

Авторлары: Нұрбек Бекен, Жаң Сүй

Хабар 24 телеарнасы