379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ кеңесшісі: Қазақстанның әлемдік аренадағы абыройы биік

  • 149
  • UPD: 09:54, 21.03.2019

Қазақстан бүгінде әлем саясаткерлерінің назарында. Тәуелсіздік жылдарында еліміз көптеген халықаралық шараларға қатысып, жетекші державалардың сенімді серіктесіне айналды.

Сондықтан Қазақ еліндегі ауыс-түйіс халықаралық аренада зор қызуғышылық тудырды.

Париж – ірі халықаралық ұйымдар орналасқан шаһар. Сондықтан әлемде болып жатқан маңызды саяси ақпарларды баса назарда ұстайды.  Бүгінде Қазақстандағы ауыс-түйісті француздық және Орталық Азия мен ТМД елдеріне қатысы бар барлық саясаткерлер қызу талықлауда. Сарапшылардың айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігін тоқтатуы елде ары қарай да демократиялық реформаларды жүзеге асыруға жол ашады.

Андрей Шевелёв, ЮНЕСКО хатшылығы Азия-Тынық мұхиты бөлімінің басшысы:

- Бұл посткеңестік кеңістікте алғаш рет билік ауысудың бейбіт әрі тыңғылықты дайындықпен өтуі. Яғни мемлекет алға қарай нақты қадам басып келеді деген сөз. Мәселен, Ресеймен салыстырғанның өзінде Қазақстан экономикасы өзгелерден айтарлықтай алда келеді. Сол себепті бұл әдеттегі демократиялық үдеріс деп айтар едім. 

Тұңғыш Президенттің шешімін халықаралық сарапшылар уақытылы жасалған қадам деп бағалайды. Ал президенттік сайлауға дейінгі қалған мерзім мемлекеттің жаңа даму кезеңіне тыңғылықты дайындалуына сеп болады дейді мамандар.

Шарбану Таджбахш, БҰҰ кеңесшісі:

- Бұл елдегі өзгерістердің бейбіт әрі заңды өтуіне жол ашатын конституциялық үдеріс. Қазақстанның ел ішінде болсын, халықаралық аренада болсын абыройы асқақ. Бұл Назарбаевтың ұзақ жылдар бойы билік басында болып, қалдырған баға жетпес мұрасы. Келесі президент дәл осылай мемлекетті дамыту жолында аянбай еңбек ететініне сенімдіміз.

Еліміздегі соңғы саяси оқиғалар Қазақстандағы биліктің ауысуы бейбіт түрде өтуіне сенім береді. Халықаралық сарапшылар осындай пікірді ұстанады.  

Авторлары: Алия Сыздыкова, Бекхан Тепсаев

Хабар 24 телеарнасы