389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Корея ұлттық ассамблея депутаты Елбасының ерекше еңбегін атап өтті

  • 394
  • UPD: 14:03, 21.03.2019
Корея ұлттық ассамблея депутаты Елбасының ерекше еңбегін атап өтті

Қазақстан-Корея достық қоғамын басқаратын Ұлттық Ассамблея депутаты Но Унг Рэ Нұрсұлтан Назарбаевтың елді өркендету жолындағы еңбегін ерекше атап өтті.

Оның айтуынша, Қазақстан Назарбаевтың басшылығымен Орталық Азияда көшбасшы елге айналды. Депутат, сондай-ақ қазақ халқын бірлік-берекесінен айырылмауға шақырып, екіжақты қарым-қатынастың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. 

Но Унг Рэ, Корея Республикасының ұлттық ассамблея депутаты:

- Қазақстан халқы бұл өтпелі кезеңді абыроймен еңсеретініне сенімдімін. Қазақ елі бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жаңа белестерді бағындыруы қажет. Ал екі ел арасындағы сенім мен достық қарым-қатынас беки түсері сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы