379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ердоған Назарбаевты Наурыз мейрамымен құттықтады

  • 177
  • UPD: 17:53, 21.03.2019
Ердоған Назарбаевты Наурыз мейрамымен құттықтады Sputnik Казахстан

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында Түркия Президенті тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру мен дамыту ісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлін ерекше атап өтті.

Режеп Ердоған бауырлас Түркия халқы Қазақстанның Тұңғыш Президентін түркі әлемінің ұлы перзенті әрі дүниежүзілік деңгейдегі саясаткер ретінде жоғары бағалайтынын атап өтті.

Түркия Президенті Режеп Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық пен толағай табыс тіледі.

Екі ел көшбасшылары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы