377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинаның бұрынғы басшысы Елбасының беймәлім қырымен бөлісті

  • 106
  • UPD: 09:01, 22.03.2019

1994 пен 2005 жылдар аралығында Украинаның Президенті лауазымын атқарған Леонид Кучма және Украинаның экс сыртқы істер министрі әрі вице Премьер-министр қызметінде болған Константин Грищенко «Ұлт лидері – Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай кезеңде болмасын қабылдаған саяси шешімі – Украинаға үлгі» дегенді айтады.

Арнамызға берген эксклюзивті сұхбаты кезінде Украинаның көрнекті саясаткерлері қазақ басшысының БАҚ өкілдері біле бермейтін адамгершілік қырымен де бөлісті.

Он жыл бойы Украинаның мемлекет басшысы қызметін атқарған Леонид Кучма мен Нұрсұлтан Назарбаев арасындағы іскерлік қана емес достық жылы қарым-қатынастың сақталғанын екі елдің де тілшілері жақсы біледі. Мұны Кучма мырза да бүгін растап отыр. Ең қиын кездері Украинаның Президенті болған Леонид Данилұлы талай рет Нұрсұлтан Назарбаевтың ақылды кеңестеріне құлақ асып отырғанын да айтады. «Қай кезеңде болмасын, Әбішұлы асығыс шешім қабылдаған емес, сонысымен де талай саясаткерге үлгі», – дейді Укринаның бұрынғы Президенті.

Леонид Кучма, 1994 - 2005 жылдар аралығындағы Украина президенті:

– Мен Нұрсұлтан Әбішұлынан көп нәрсе үйренгенімді жасырмаймын. Ол – шынымен ұлы және ақылды адам. Егер біз басқа саясаттағы басшылық тез шешім қабылдап, кейіннен өкініп жатсақ, Назарбаев ешқашан өйткен емес. Ол қабылдаған талай шешімнің дұрыс қабылданғанын тарихтың өзі дәлелдеп берді. Сондықтан бұл тарихи қадам да елдің тұрақтылығы үшін жасалды деп сенемін.

Кучма мырзаға арналған келесі сұрағымыз, Астананың «Нұр-Сұлтанға» ауысуына қатысты пікіріне арналды. «Сенаттың бұл шешіміне талай сын тағылып жатыр, Сіз не дейсіз?», – деген сауалға бұрынғы Президент былай деп ой бөлісті.

Леонид Кучма, 1994 - 2005 жылдар аралығындағы Украина президенті:

– Орталық Азия елдеріне қараңызшы, Қазақстан – нөмірі бірінші ел. Экономикалық өсім, тұрақтылық, ұлтаралық келісім өзімен өзі келген жоқ. Астананы арқаға ауыстырған да Назарбаев, оның жетістігі де Назарбаев атымен тығыз байланысты. Сондықтан қаланың «Нұр-Сұлтан» деп аталуға толық құқығы бар деп білемін.

Ал Украинаның бұрынғы вице Премьер- министрі қызметінен бастап, сыртқы істер министрі, Украина қорғаныс және қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары және бірқатар елде елші қызметін атқарған Константин Грищенко Ұлт лидерінің мемлекет басқарудағы ерекше қолтаңбасы табиғи ғана емес адам капиталын орынды қолдана білгенде дегенді айтады. Ұлт лидерінің 19 күні сағат 19-00-де 20119 жылы жариялаған тарихи шешімі – мемлекеттік дамудың бір сатысы және бұл батыл қадам ел болашағы үшін жасалды деп ой сабақтайды саясаткер.

Константин Грищенко, Украинаның бұрынғы вице- премьер-министрі және сыртқы істер министрі:

– Адам мен табиғи ресурстарды Ұлт лидері өте орынды қолдана білді. Бүгінде өзіне өзі сенімді, аяғына нық тұрған талай қазақ жастарын білемін. Олар шетелде білім алып келіп, қазір өз елінің өркендеуіне сындарлы үлесін қосып жатыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың да бұл шешімін мемлекеттік дамудағы бір кезең деп бағалап, Қазақстанның әрі қарай дамуына сеніммен қараймыз.

Украина мемлекетінің қос қайраткері де Наурыз мерекесі алдында қабылданған шешімнің ел үшін қайыры бар деп біледі және жаңа жыл алдында достық қатынастағы қазақ халқына телеарнамыз арқылы ақ тілектерін арнайды.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Сергей Качанов

Хабар 24 телеарнасы