379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чжан Дэгуан: Н. Назарбаевтың шешімі жан-жақты сараланған ақылды қадам

  • 175
  • UPD: 09:01, 22.03.2019

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытаймен қарым-қатынасқа тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ерекше мән берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ең алдымен шекара мәселесін шешу керектігін, сонда барып сенімді достық байланысқа жол ашылатынын айтты. Қазақстандағы Қытайдың бірінші елшісі қызметін атқарған Чжан Дэгуан осылай дейді. Оның айтуынша, Елбасы ең алдымен шығыстағы көршісімен шекарасын шегендеп, халықаралық деңгейде танылған құжатқа қол қойылды. Осыдан кейін барып қос елдің қарым-қатынасы тереңдеп, бүгінде жан-жақты саланы қамтыған стратегиялық әріптестіке ұласып отыр. Назарбаевтың алысты болжайтын кемеңгерлігімен дер кезінде дұрыс шешім қабылдауына тағы да куә болдық дейді Қытайдың бұрынғы сыртқы істер министрінің орынбасары болған Чжан Дэгуан.

Чжан Дэгуан, Қытай халықаралық зерттеулер қорының құрметті төрағасы:

– Мемлекет тізгіні ұрпақтан ұрпаққа өтіп отыруы заңдылық. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл шешімі жан-жақты сараланған ақылды қадам болды. Елдің Конституциясына сай жаңа Президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев та – ел сенім артуға тұрарлық азамат.

Хабар 24 телеарнасы