379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Анатолий Кинах: Қазақстанды бағыты айқын мемлекет ретінде танимыз

  • 120
  • UPD: 10:00, 22.03.2019

Украинаның экс премьер-министрі және Украина Ұлттық қауіпсіздік әрі қорғаныс кеңесін басқарған Анатолий Кинах «Нұрсұлтан Назарбаевтың мықты мемлекет құрудағы ерекше қолтаңбасын өте жоғары бағалаймын, – деп мәлімдеді.

2007 жылдары Украина экономика министрі ал бүгінде мемлекеттің өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағының президенті қызметін атқарып жүрген Кинах бәсекеге қабілетті Қазақстанның бүгінгі беделі Назарбаев есімімен тығыз байланысты, – деді арна тілшісіне берген сұхбатында. Әсіресе, әлемдегі түрлі өзгеріс пен қаржы әрі саяси дағдарысқа қарамастан, Қазақстан бейбітсүйгіш мемлекет ретінде саяси сахнада ойып орын алды, – деп атап өтті.

Анатолий Кинах, Украина өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағының президенті:

– Империя тарқап әлемдегі аламан өзгерістер мен жаһандану, ұлтаралық қақтығыс мен мемлекеттер арасындағы алауыздық, лаңкестік пен азаматтық соғыс кезеңінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның бағына басшы болып келді. Қандай қиындықтарға қарамастан, Қазақстанның ұлт көшбасшысы елін ертіп жүре алды. Бүгінгі Қазақстанды біз бәсекеге қабілетті, бірқатар көрсеткіш бойынша экономикасы дамыған, бағыты айқын мемлекет деп танимыз.

Хабар 24 телеарнасы