378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелдік сарапшылар Н.Назарбаевтың шешіміне қатысты пікірлерімен бөлісті

  • 160
  • UPD: 23:28, 22.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату шешімін әлем сарапшылары қызу талқылап жатыр.

Халықаралық саясаткерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері мұндай жаңалықты күтпегендерін айтып, таң қалуда. Ал, Беларусь Республикасы министрлер кеңесінің экс-төрағасы Вячеслав Кебичтің айтуынша Назарбаевтың бұл қадамы Қазақстанның дамуына жаңа серпін бермек. Өзге де шет елдік саясаттанушылар Тұңғыш Президенттің ерен еңбегін бағалап, ел аралық байланыстардың маңыздылығына тоқталып өтті. 
  
Вячеслав Кебич, Беларусь республикасы министрлер кеңесінің экс-төрағасы:

- Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттілігін өз еркімен тоқтатқанын естігенде таң қалдым. Десе де, бұл өте көреген әрі ақылды адамның қадамы. Мен Назарбаевты жеке танимын. Ол Қазақстанды Ресейден бөлек, азат, егемен мемлекет ете алды. Әрбір қазақстандық осындай елде тұратынын мақтанышпен айта алады. Назарбаев қазақ халқының есінде мықты қолбасшы ретінде қалары сөзсіз. 

Алек Эпштейн, Израильдің әлеуметтік ғылымдар докторы:

- Мен Нұрсұлтан Назарбаевты өте қатты құрметтеймін. Ол билікте болған 30 жыл ішінде Қазақстанда бірде-бір ұлтаралық немесе басқа мақсаттағы көтерілістер болған емес. Сіздердің ел еуразиялық серіктестіктің көпірі бола білді. Сондай-ақ, Қазақстан діни экстремизмге қарсы тұра алған мемлекеттердің қатарында.

Филип Войтех, Чехия депутаттар палатасы төрағасының бірінші орынбасары:

- Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімі ел Конституциясы бойынша мемлекеттің тұрақты даму жолындағы тарихи қадам болмақ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті ширек ғасыр ішінде саяси, конституциялық, экономикалық маңызды реформаларды өткізді. Нәтижесінде Қазақстан дамудың даңғыл жолында экономика, азаматтық қоғам, мәдениет салаларында жетістікке жетіп, талай белестердің бағындырды. Нұрсұлтан Назарбаетың арқасында қазақ елі тек өз ішінде емес, халықаралық аренада мықты абыройға ие болды.

Хабар 24 телеарнасы