377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы РФ ФЖ Федерация Кеңесінің төрайымы В.Матвиенкомен телефон арқылы сөйлесті

  • 108
  • UPD: 22:52, 22.03.2019
Мемлекет басшысы РФ ФЖ Федерация Кеңесінің төрайымы В.Матвиенкомен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен телефон арқылы сөйлесті.

Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Валентина Матвиенкоға ризашылық айтып, Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық байланыстары екі елдің игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

Хабар 24 телеарнасы