389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев: Сындарлы кезеңде Елбасын және мені қолдаған барша халқыма ризашылығымды білдіремін

  • 666
  • UPD: 13:26, 23.03.2019
Қ.Тоқаев: Сындарлы кезеңде Елбасын және мені қолдаған барша халқыма ризашылығымды білдіремін МИА Казинформ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында жұмыс сапарымен жүр.

Жұмыс сапары барысында Президент жұртшылықпен кездесіп, сындарлы кезеңде қолдау білдірген халыққа алғыс айтты.

«19 наурызда, көктемнің шуақты күнінде бәріміз еліміздегі тарихи оқиғаға куә болдық. Мемлекет болашағын ойлаған Тұңғыш Президентіміз маңызды шешім қабылдады. Осындай сындарлы кезеңде Елбасын және мені қолдаған барша халқыма ризашылығымды білдіремін.

Елбасы бізге табысты мемлекет құрып берді. Ол Қазақстанды әлемдегі озық елдердің қатарына қоса білді. Елбасының реформалары мемлекетті орнықты даму жолына шығарды», – деді Қ.Тоқаев.

Хабар 24 телеарнасы