379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкенттегі Әкімшілік-іскерлік орталығына барды

  • 215
  • UPD: 17:11, 23.03.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкенттегі Әкімшілік-іскерлік орталығына барды akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапары барысында Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығын аралап, «Shymkent city» жаңа ауданының макетін, әуежайдың жаңа терминалын көрді.

«Ескі қалашық», Қошқар ата өзенінің жағалауын абаттандыру және «Тұран» шағын ауданының инженерлік инфрақұрылымын салу жобаларымен танысты.

20,5 гектар аумақты қамтитын әкімшілік-іскерлік орталық заманауи инфрақұрылымымен, өмір сүруге және бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасалғандығымен ерекшеленеді, сондай-ақ қала құрылысы мен сәулетінің қазіргі стандарттарына сай келеді. Қаланың жаңа ауданында жалпы аумағы 201,2 мың шаршы метрді қамтитын 2 990 пәтері бар 47 үй салу жоспарлануда.

Ақпарат көзі: akorda.kz

Хабар 24 телеарнасы