379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Президенті «AZALA Textile» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

  • 148
  • UPD: 19:49, 23.03.2019
Қазақстан Президенті «AZALA Textile» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев «AZALA Textile» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дайын өнімдерін көріп, тоқыма өндірісіндегі жіп иірудің, өңдеудің және тігін тігудің технологиялық үдерісімен танысты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының базасында жұмыс істейтін өндірістік кәсіпорындар жөнінде мәлімет берілді. Солардың қатарында «Бал текстиль» ЖШС-нің кілем және кілем өнімдері фабрикасы, «Әлем-БТ» ЖШС-нің шұлық фабрикасы, «ПК «АГФ Групп» ЖШС-нің конвейерлі тігін фабрикасы, «СП «Lux shoes» ЖШС-нің аяқ киім фабрикасы, «Tumar Textile» ЖШС-нің орамалдар мен халаттар тігетін фабрикасы және басқа да кәсіпорындар бар.

Ақпарат көзі: akorda.kz

Хабар 24 телеарнасы