379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Қазақстан – көпвекторлы саясатты ұстанатын ел

  • 117
  • UPD: 23:31, 24.03.2019
Сарапшы: Қазақстан – көпвекторлы саясатты ұстанатын ел

Қасым-Жомарт Тоқаевпен Біріккен Ұлттар Ұйымында қызметтес болған саясаткерлер де оны Қазақстан Президенті лауазымына тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Елбасының стратегиялық тұрғыдан дұрыс таңдау жасағанын айтады.

Еске сала кетейік, 2011 жылдың наурыз айында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Қасым-Жомарт Тоқаевты өзінің орынбасары және Женевадағы БҰҰ бөлімшесіне директор етіп тағайындаған болатын.

Александр Зуев, БҰҰ Құқық және қауіпсіздік бойынша кеңсесінің басшысы:

- Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты осындай жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтаймын. Ол тек Қазақстанда ғана емес, әлем елдеріне тәжірибелі дипломат және мемлекет қайраткері ретінде танымал. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басқаруымен құрылған Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатын дамыту жолында аянбай еңбек етті. Біз қазақ елін бейбіт бастамалары, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде мүшелігі, Бас ассамблеядағы белсенді жұмыстары үшін бағалаймыз, сыйлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы