376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Назарбаев феномені саясаттанудың зерттеу нысаны болады – Профессор

  • 122
  • UPD: 19:00, 25.03.2019
Назарбаев феномені саясаттанудың зерттеу нысаны болады – Профессор

Жиырмасыншы ғасыр мен 21 ғасыр тоғысында болып жатқан түрлі дағдарыс жағдайында Ұлы дала төсінде қала тұрғызып, әлемнің саяси сахнасында тәуелсіз мемлекетіміздің өз орнын айқындай алуы Елбасының кемел саясатының жемісі дейді саяси ғылымдар докторы, профессор Жомарт Симтиков.

Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалады. Халық саны 18 миллионға жетті. Территориялық тұтастықты сақтады. Мемлекет ретінде Қазақстан әлем картасына өз шекарасымен енді. Нәтижесінде, аймақтағы ең ықпалды елге айналдық. Елбасының бұл жемісті еңбегі, нағыз саясаткерге тән тұлғалық қырлары еліміздің ғана емес, шетелдік ғалымдардың зерттеу нысанына айналары сөзсіз, - дейді сарапшы.

Жомарт Симтиков, саяси  ғылымдар докторы, профессор:

- Назарбаевтың феномені бүгінгі күннің тақырыбы ғана емес. Болашақтың тақырыбы. Болашақта Назарбаевтың феноменін ірі Ли Куан Ю, Дэн Сяопин сияқты реформаторлармен теңестіре, салыстыра отырып, қарастырады деген ойымыз бар. Жалпы болашақта бұл тақырып, әлі де зерттеледі. Жастардың зерттеу объектісіне айналады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы