376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Польша Президенті А.Дудамен және Түркияның экс-президенті А.Гүлмен телефон арқылы сөйлесті

  • 152
  • UPD: 21:17, 25.03.2019
Елбасы Польша Президенті А.Дудамен және Түркияның экс-президенті А.Гүлмен телефон арқылы сөйлесті

Польша Президенті Анджей Дуда Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешімінің тарихи мәні бар екенін атап өтті.

Анджей Дуда Ұлт көшбасшысының заманауи Қазақстанды қалыптастыру мен дамыту ісіндегі рөлін жоғары бағалап, достық пен сенімге негізделген Қазақстан-Польша ынтымақтастығын жемісті ілгерілетуге зор еңбек сіңіргені үшін алғыс айтты.

Польша Президенті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасына мықты денсаулық, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Анджей Дуда тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында Абдулла Гүл Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі беделді саясаткер әрі тәуелсіз Қазақстанның егемендігін бекемдеп, аймақтағы көшбасшы ел ретінде қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан мемлекет қайраткері екендігін атап өтті.

А.Гүл Елбасына зор денсаулық және алдағы қызметіне табыс тіледі.

Н.Назарбаев пен А.Гүл бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Телефон арқылы сөйлесуге түрік жағы бастамашы болды.

Хабар 24 телеарнасы