379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

  • 138
  • UPD: 20:22, 26.03.2019
Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында Украина Президенті Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан-Украина қарым-қатынастарын дамыту және екі ел халықтарының арасындағы достықты нығайту ісіндегі тарихи рөлін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

Хабар 24 телеарнасы