378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда Еуропа кеңесінің аймақтық кеңсесі ашылады

  • 145
Қазақстанда Еуропа кеңесінің аймақтық кеңсесі ашылады

Елімізде Еуропа кеңесінің аймақтық кеңсесі ашылатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Страсбургте өткен Еуропа кеңесі министрлер комитетінің сыртқы байланыстар жөніндегі Мәжілісінде белгілі болды. Еске салып кетсек, өткен жылдың шілде айында Қазақстанда әділет жүйесінің сапасы мен тиімділігін жақсартуға арналған Еуропа кеңесі мен Еуроодақтың бірлескен үшжылдық бағдарламасының жұмысы табысты аяқталған болатын. Оның қорытындысы бойынша, еліміз Еуропа кеңесінің үш құқықтық құжатына қосылып, осы бағыттағы еңбегін жалғастырып келеді. Қазақстан делегациясының өкілдері Орталық Азияның бүкіл аумағында жүзеге асатын осы бағдарламаның екінші кезеңінің басталуын талқылады. Мәжіліске қатысушылар осы жоспарларды қолдап, заң ұлықтылығын қамтамасыз етудегі Қазақстанның жетістіктерін құптаған. Еуропа кеңесі бас хатшысының орынбасары Габриела Баттаини-Драгонимен кездесуде тараптар Қазақстан сот жүйеісін одан әрі жаңғырту мен қылмыстық заңнаманы реформалау бойынша ынтымақтасу тұстарын талқыға салды. 

Роман Василенко, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

– Қазақстандық мамандар мен Еуропа кеңесі басшылығының бағалауынша, бұл бағдарлама табысты болған. Сол себепті оны ұзартып, жаңа бағдарлама әзірлену керек деп шешілді. Ол тек Қазақстанды ғана емес, аймақтың өзге елдерін де қамтиды. Яғни ол 2019-2022 жылдар аралығында жүзеге асатын аймақтық бағдарламаның негізі болмақ. 2017 жылы венециалық комиссия Елбасы ұсынған заңнамамыз бен Конституцияны реформалауды оң қадам деп бағалап, қолдау білдірген болатын.

Джанни Букиккио, Еуропа кеңесіндегі венециалық комиссияның төрағасы:

– Бізді Қазақстанмен арадағы көпжылдық жақсы қатынастар байланыстырып отыр. Кезінде біз заңнаманы жақсарту, омбудсмен институтын дамыту және Кедендік одақтағы мүшелік бойынша заңды акттарды шығару ісінде біріге жұмыс істегенбіз. Сот жүйесінің реформасын да талқылап, 2017 жылы Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу жөнінде бірлесіп еңбек еткенбіз. Бұл біз үшін өте маңызды тақырып болған. Жақсы жұмыс атқардық деп санаймын. Соңғы 20 жылда өзара ынтымақтың арқасында үлкен жетістіктерге жеттік.

Хабар 24 телеарнасы