379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейлік саясаттанушылар: Нұрсұлтан Назарбаев – қазақ халқының әрі еуразиялық жобаның көшбасшысы

  • 159
  • UPD: 12:21, 28.03.2019

Ресей сарапшыларының пікірінше, ауыс-түйістен кейін Қазақстан өкіметі еуразиялық интеграцияға бағытталған саясатын жалғастыра береді, дегенмен сауда-экономикалық байланыстарын әртараптандырып, «Бір белдеу - бір жол» жобасына ерекше көңіл бөледі.

Мәскеуде еуразиялық идеясын ұсынған Елбасы үндеуінің 25 жылдығына арналған баспасөз маслихаты өтті. Онда саясаттанушылар еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үрдістердегі Қазақстанның рөлі,  экономикалық одақ шеңберіндегі Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын талқылады. Елбасы Еуразиялық экономикалық одақ тұжырымдамасын жүзеге асыруға зор үлес қосқан. Қазірде одақ табысты құрылымға айналған.

Людмила Адилова, саясаттанушы:

– Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – қазақ халқының әрі еуразиялық жобаның көшбасшысы. Елбасының арқасында үлкен жетістіктерге жеткен мемлекет құрылды. Еуразиялық жоба мен Нұрсұлтан Әбішұлы басқарған бүкіл жоба табысты болды. 

Никита Мендкович, саясаттанушы:

– Қазақстан аумағы арқылы Қытай бастамасымен құрылып жатқан Жібек жолы өтеді. Осы жобаны асыру мақсатымен Қазақстан соңғы жылдары елдегі көлік пен инфрақұрылымды жобаларға 5 миллиард доллар көлемінде қытайлық инвестиция тартқан.

Хабар 24 телеарнасы