389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады

  • 547
  • UPD: 19:34, 28.03.2019
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады

Мемлекет басшысының Өкімдерімен Есжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне; Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне; Нұрлан Шәдибекұлы Алдабергенов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Жанат Бостанұлы Құрманов Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Арман Дайырұлы Жұмабеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Хабар 24 телеарнасы