379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезия БҰҰ ҚК-де қарусыздандыру бойынша комитетті басқарды

  • 112
  • UPD: 15:19, 29.03.2019

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Қазақстанның орнын басқан Индонезия жаппай қыру қаруына қарсы белсенді күресе бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша бұл ел осы құзырлы органдағы Қазақстанның еңбегін жалғастырады. Индонезияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Диан Джани №1540 қарары бойынша құрылған Қауіпсіздік кеңесінің комитетін басқарды.  Бұл құжатқа сәйкес, бүкіл елдер ядролық, химиялық немесе биологиялық қаруды шығаруға, тасымалдауға немесе қолдануға тырысқан мемлекеттік емес кешендерге қолдау беруден бас тартуға тиіс. Қауіпсіздік кеңесінің мәжілісіне қатысқандар осы қарарды бұлжытпай орындауға шақырған. Кеңес мүшелерінің мәлімдеуінше, жаппай қыру қаруын тарату халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікке қауіп төндіреді.

Диан Джани, Индонезияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі:

- БҰҰ-ға мүше 105 мемлекет осы бағыттағы ұлттық бағдарламалары жөнінде ақпаратты комитетке тапсырды. Бұл қарарды орындауды үйрететін аймақтық курстар дайындалған. Құжат 2004 жылы қабылданған болатын. Содан беру елеулі жетістіктерге жеттік. Алайда ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейде әлі де көп жұмыс атқару қажет.

Хабар 24 телеарнасы