384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР СІМ: Қазақстан Қытайды «үш зұлымдыққа» қарсы күресте әрдайым қолдап келеді

  • 614
  • UPD: 23:14, 30.03.2019
ҚР СІМ: Қазақстан Қытайды «үш зұлымдыққа» қарсы күресте әрдайым қолдап келеді

Қазақстан мен Қытай сыртқы саяси ведомстволарының басшылары арасындағы келіссөздердің қорытындысына қатысты кейбір БАҚ-тардағы бұрмалау мен бұрыс интерпретацияларға байланысты келесі түсіндірмелерді жасау маңызды деп санаймыз.

Біріншіден. Қазақстан Қытайды «үш зұлымдыққа» – терроризм, экстремизм мен сепаратизмге қарсы күресте әрдайым қолдап отыр. Бұл түрлі екіжақты құжаттарда, оның ішінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының 2018 жылғы 7 маусымда қол қойылған бірлескен мәлімдемесінде бірнеше рет көрсетілген. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың ресми сапары барысында Бейжіңде өткен Қазақстан-Қытай келіссөздері барысында сөз болды. Дәл осы тұрғыда Қытай СІМ басшысының мәлімдемесі жасалды.

Екіншіден. Қытай аумағында тұратын этникалық қазақтарға келетін болсақ, Қазақстан оларды достық екіжақты қатынастардың маңызды факторы ретінде қарастырады. Бізде Қытаймен ортақ пікір бар. Бейжіңде өткен кездесуде екі елдің Сыртқы істер министрліктері арасындағы жұмыс байланыстары арқылы туындайтын мәселелерді шешуге өзара мүдделілік танытып, консулдық қызметтердің жұмысын жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл жұмыс жалғасады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі БАҚ-тарды мәлімдемелерін дұрыс жариялауға, бұрмалаудан, түсініктерді өзгертпеуге және мәнмәтіннен, әсіресе халық үшін сезімтал мәселелер бойынша сөйлемдерді үзбеуге шақырады.

Қазақстан мен Қытай екі мемлекет халықтары арасындағы стратегиялық серіктестік пен достықты нығайтуды жалғастыра отырып, аймақтағы және әлемдегі бейбітшілікке ілгерілемелі дамуға жәрдемдеседі.

Ақпарат көзі: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы