384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия елорданың Нұр-Сұлтан аталуына қолдау көрсетті

  • 764
Түркия елорданың Нұр-Сұлтан аталуына қолдау көрсетті

Еліміздегі өзгерістерді түрік жұрты оң қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ туыстас халық елордамыздың Нұр-Сұлтан деп ауыстырылуына қолдау көрсетіп отыр. Анкараға ресми сапармен барған еліміздің Сыртқы істер вице-министрі Ерлан Ашықбаев осылай деп мәлімдеді. Вице-министр түрік елінде бірқатар екіжақты кездесу өткізіп, саяси диалог және экономикалық ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ Түрік сыртқы істер министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының ұйытқы болуымен өткен «Орталық Азия елдерінің гуманитарлық көмек көрсету мүмкіндігін арттыру» атты конференцияға қатысты. Бұдан бөлек, Еуразиялық зерттеулер орталығында өткен «Қазақстанның сыртқы саясаты» атты жиында түріктің беделді саясаткерлері мен ғалымдарымен кездесіп, олардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берді.

Ержан Ашықпаев, ҚР Сыртқы істер вице-министрі:

– Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті шешімі жайлы пікірлерді эксперттік алаңда болсын, кеше өткен Түркия сыртқы істер министрлігінің басшылығымен өткен кездесулерде өте үлкен мән беріліп отыр. Қазақстанның бұл өзгеріс арқылы әлемдегі саяси процестердің үлгісін көрсетіп отырғаны айтылып отыр. Сондықтан Қазақстандағы өзгерістер Түркиядағы оң қабылданып отыр. Бұл екі ел қатынастарына игі ықпал тигізеді деген пікір басым.

Хабар 24 телеарнасы