379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаев Иордания Королі ІІ Абдалламен телефон арқылы сөйлесті

  • 102
  • UPD: 20:42, 02.04.2019
Нұрсұлтан Назарбаев Иордания Королі ІІ Абдалламен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Иордания Королі ІІ Абдалламен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Иордания Королі ІІ Абдалла Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешіміне қолдау білдіріп, бұл хабарды бүкіл әлем зор түсіністікпен қабылдағанын атап өтті.

ІІ Абдалла Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке достығын жоғары бағалайтынын айтып, Елбасының Қазақстан мен Иордания арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру және дамыту ісіндегі тарихи рөліне тоқталды.

Иордания Королі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасыға мықты денсаулық және алдағы қызметіне табыс тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен ІІ Абдалла алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

Хабар 24 телеарнасы