378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы ресейлік басылымдарға сұхбат берді

  • 162
  • UPD: 19:49, 03.04.2019

Мемлекет басшысы Мәскеуге сапары алдында ресейлік басылымдарға сұхбат берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі биліктің ауысуы, Қазақстан мен Ресей арасындағы тығыз қарым-қатынас, Еуразиялық экономикалық одақтың келешегі мен Үлкен Еуразия идеясы жөнінде өз ойымен бөлісті. Президент қос ел арасындағы тауар айналымы жыл өткен сайын артып келе жатқанын айтты. Мәселен, былтыр сауда-саттық көлемі 17 млрд доллардан асқан. Қазір елімізде 9 мыңнан аса ресейлік компания жұмыс істейді. Мемлекет басшысы арадағы бұл байланысты әлі де бекемдей түсетінін айтты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты арқасында Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы мемлекетаралық байланыстардың эталоны ретінде қызмет ете алады деді ол. Одан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік журналистерге берген сұхбатында Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» жобасының Қазақстан үшін маңыздылығына тоқталып, бағдарламаның Қазақстанның транзиттік аумақ ретіндегі стратегиялық позициясын нығайтуға оң әсер еткенін атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы