379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бірлескен мәлімдеме жасады

  • 147
  • UPD: 22:18, 03.04.2019

Кремльдегі кездесуден соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бірлескен мәлімдеме жасады.

Ресей басшысы әуелі Қазақстан президентіне алғашқы ресми сапарын Ресейден бастағаны үшін алғыс айтты. Екі ел басшылары кезек-кезек сөз алып, Қазақстан мен Ресейдің сенімді серіктестігі одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. Өзара алыс-беріс бар салада артып келеді. Тараптар осы қарқынды бәсеңдетпеуге келісті. Сосын атомды бейбіт мақсатта қолдану және ғарыш саласындағы әріптестікті арттырудың маңызын атады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бұл менің Қазақстан президенті ретіндегі алғашқы ресми сапарым. Сондықтан оның мән-маңызы зор. Бұл сапар достық, ынтамақтастықты нығайтуға арналған. Өздеріңіз білесіздер, Нұрсүлтан Назарбаев жақында өз өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл Қазақстанның болашағы үшін жасалған қадам. Сондықтан оның бұл шешімін шетелдік әріптестері жақсы қабылдады. Мен біздің мемлекеттеріміз арасындағы байланысты нығайту бойынша бағытты ұстана беремін.

Владимир Путин Ресей Федерациясының Президенті:

- Біз Қазақстан президентіне өзінің алғашқы ресми сапарын Ресейден бастағаны үшін алғыс білдіреміз. Ол түрлі лауазымдарды атқарды. Президент қызметін абыроймен алып жүретініне сенеміз. Бүгінгі кездесулер конструктивті жағдайда өтті. Қазақстан мен Ресейдің түрлі салалардағы байланысы берік. Тауар айнылымы жыл сайын артып келеді. Мәселен, былтыр өсім 4,5 процентке дейін жеткен. Ғарыш, бейбіт атом салалары бойынша серіктестік те  жоғары деңгейде.

Хабар 24 телеарнасы