389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Жансейіт Түймебаевты қабылдады

  • 434
  • UPD: 20:37, 04.04.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевты қабылдады.

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Ассамблеяның алда өтетін 27-сессиясына дайындық барысы туралы баяндалды. Нұрсұлтан Назарбаев аталған іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын мерекелеуге уақытылы әзірлік жұмыстарын жүргізу керектігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– Ассамблеяның 27-сессиясын өткізейік деп отырмыз. Қандай мәселелер бар?

Жансейіт Түймебаев, ҚХА төрағасының орынбасары, ассамблея хатшылығының меңгерушісі:

– Аса мәртебелі Елбасы! Ассамблеяның осы сессиясына байланысты барлық дайындық жұмыстары қызу жүруде. Өту кезеңі 29 сәуірде. Сессия кеңесінің жұмысы 26 сәуірде өтеді. Барлық ұйымдастыру шараларын бірге ақылдасып, Президент әкімшілігі мен Елбасы канцеляриясымен бірге жасап отырмыз. Барлық дайындық жұмыстары аяқталды. Және келетін делегаттардың барлығы облыстар бойынша айқындалып, олардың барлығын бекіттік.

Хабар 24 телеарнасы