379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңға қол қойды

  • 146
  • UPD: 17:42, 04.04.2019
Мемлекет басшысы Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңға қол қойды akorda.kz

ҚР Президенті Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңға қол қолды.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының аумағында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуының құқықтық негіздерін айқындайтын жаңадан қабылданған «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қолданыстағы заңнаманы жаңадан қабылданған «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендіруге, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестициялар тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.

 

Хабар 24 телеарнасы