389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тоқаев «Роскосмос» корпорациясының бас директорымен кездесу өткізді

  • 560
  • UPD: 17:32, 05.04.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады.

Қазақстан Президенті Ресей елімен ғарыш саласындағы байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ «Байқоңыр» ғарыш айлағының қызметіне қатысты мәселелерге тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Кеше ғана мен Ресей Федерациясына сапармен барып келдім. Сапар табысты болды деп бағалаймын. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен маңызды келіссөздер өткізілді. Соның ішінде сіз жетекшілік ететін сала жөнінде де әңгімелестік. Қазір тиісті жобалар екі тараптың да қарауында.

Өз кезегінде «Роскосмос» басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Прогресс-МС11» көліктік жүк кемесінің Халықаралық ғарыш стансасына сәтті ұшырылғанын мәлімдеді. Осыдан кейін тараптар ғарыш саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек» ғарыш жобасының іске асырылу барысын талқылады.

Дмитрий Рогозин, Ғарыш қызметі жөніндегі «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының директоры:

- Біз кеше әлемдік рекорд орнаттық. Бұған дейін көлік кемесі немесе экипаж Халықаралық ғарыш стансасына көп айналмалы сызба бойынша екі тәулік ішінде жететін. Кеше ғарыш кемесі Жерді екі рет айналды. Оның стансаға жақындауы және түйісуі 3 сағат 21 минут ішінде жүзеге асты. Мәскеуден Байқоңырға дейін үш сағаттай ұшамыз, енді Байқоңырдан Халықаралық ғарыш стансасына да шамамен сонша уақытта жетуге болады. Қазір алдымызда одан да қысқа сызба жасау міндеті тұр.

Хабар 24 телеарнасы