379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ерлан Қарин ҚР Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

  • 201
  • UPD: 20:32, 05.04.2019
Ерлан Қарин ҚР Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды Sputnik Казахстан

Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды.

Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды;

Талғат Амангелдіұлы Момышев Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы