379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Г.Әбдіқалықова Павлодар облысындағы халықты әлеуметтік қорғау шараларымен танысты

  • 155
  • UPD: 23:47, 05.04.2019

Жұмысшылардың жалақыларын уақытында төлеу.

Павлодар облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Əбдіқалықова Екібастұз қаласындағы Болат Нұржанов атындағы 1-мемлекеттік аймақтық электр стансасында өткен жиында осы мәселерге айрықша тоқталды, деп хабарлайды «Хабар 24». Көп балалы отбасыларды баспанамен қамту мәселесі де назардан тыс қалмады. Павлодар облысындағы ірі кәсіпорындарда көп балалы 70 жанұя бар екен. Облыс әкімі Болат Бақауов жыл соңына дейін олардың бәрі баспаналы болатынын жеткізді.

Тағы бір мәселе, елімізде еңбек жағдайы күрделі немесе қауіпті жұмыс орындарда 640 мың адам еңбек етеді. Сондықтан еңбек қауіпсіздігіне баса назар аудару қажет. Халықты  əлеуметтік қорғауға мемлекет тарапынан биыл 2,3 триллион теңге бөлінбек. «Бизнес өкілдері де қамқорлыққа зәру жандарға қол ұшын созуы тиіс», – деген Премьер-Министрдің орынбасары Екібастұздағы қыз-келіншектерді жұмыспен қамтып отырған раушан гүлдері мен қызанақ өсіретін жылыжайдың жұмысымен де танысты. Сонымен қатар «7-20-25» бағдарламасы арқылы пәтер алған жас отбастарына сертификат табыс етті. Бұдан кейін Үкімет мүшелері жастармен кездесті.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- Енді бірінші мәселе – айлық бойынша қарыздың болмауы. Еңбеккерлердің жұмыс орнында қауіпсіздігі, үшіншіден, айлық табысын инфляцияға байланысты көтеріп отыру. Сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілікті қосымша әртүрлі бағдарламалар жасау, оның ішінде көп балалы, аз қамтылған аналарға көмектесу. Соған байланысты «Богатырь» көмірдің тәжірибесін алуға болады. Жылына 80 миллион көмек беріп отыр. Оны бір жарым миллионға дейін бөліп береді.

Хабар 24 телеарнасы