379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Атамқұлов Словакияның Сыртқы істер министрімен кездесті

  • 107
  • UPD: 15:25, 08.04.2019

Словакияның Сыртқы және еуропалық істер министрі әріптесі Бейбіт Атамқұловпен де кездесті.

Тараптар өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда еліміздің Сыртқы саясат ведомствасының басшысы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен  біз үшін маңызды екенін тілге тиек етті. Ұйымның орнықты байланысы жөніндегі тақырыптық орталық құру қарастырылып жатқанына назар аударды. Ал Мирослав Лайчак Қазақстан мен Словакия арасындағы түрлі салалардағы тиімді байланыс одан сайын дами түсетіндігіне сенім білдірді. Айта кетейік, екі ел арасында дипломатиялық қарым -қатынастың орнағанына биыл 26 жыл.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Мирослав Лайчак мырза, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының іс басындағы Төрағасының Орталық Азия елдеріне дәстүрлі іс сапары шеңберінде елімізге келді. Қазақстан Словакияның төрағалығының басымдықтарын қолдайды. Қойылған міндеттер ұйымның беделін одан әрі нығайтуға және жан-жақты өзара ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз.

Мирослав Лайчак, Словакияның Сыртқы істер министрі, ЕҚЫҰ төрағасы:

- Қазақстан 2010 жылы  Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына өте сәтті төрағалық етті. Сол кезде ұйымдастырылған маңызды келіссөздер 21-ғасырда ұйым аясында өткізілген ең жоғарғы деңгейдегі кездесу болып қала бермек. Ал қабылданған құжаттар әлі күнге дейін өзінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ.

Хабар 24 телеарнасы