376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Корея президенті Қазақстанға келеді

  • 220
  • UPD: 20:55, 08.04.2019

Қазақстанға Оңтүстік Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин мемлекеттік сапармен келеді.

Бұл туралы бүгін еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Корея Президентінің Қазақстанға сапары 21-23 сәуір аралығына жоспарланған. Мәліметке сүйенсек, Мун Чжэ Ин сапар аясында ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер жүргізеді. Тараптар екіжақты ынтымақтастық, сауда-саттық, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер және Корей түбегіндегі ахуал туралы әңгіме қозғамақ.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Сонымен қатар Корея басшысының сапарына ұштастырылатын екі елдің іскер топтарының 300-ге жуық өкілдерінің қатысуымен Оңтүстік Қазақстан – Оңтүстік Корея инвестициялық форумы ұйымдастырылатынын айтты. Оның барысында өнеркәсіп, цифрландыру, инфрақұрылым және медицина салалардағы Қазақстан – Корея бірлескен инвестициялық жобалар мен бастамалар көрмесін өткізу жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы