379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дариға Назарбаева ЕҚЫҰ төрағасымен кездесті

  • 177
  • UPD: 20:19, 08.04.2019

Парламент Сенатының төрайымы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы, Словакияның сыртқы және еуропалық істер министрі Мирослав Лайчакпен кездесті.

Дариға Назарбаева халықаралық ұйымға төрағалығын бастаған Словакияны құттықтап, Қазақстан күрделі халықаралық жағдайда жүзеге асып жатқан словак миссиясының басымдықтарын қолдайтынын атап өтті. Кездесу барысында Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бітімгерлік әлеуетін нығайтуға баса назар аударылды. Лайчак мырза ұйымның қарулы қақтығыстар аймақтарындағы шиеленісті азайтып, келіссөздер үдерістерін дамытуға баса назар аударатынын айтты. Ал еліміздің Жоғары палата спикері Ауғанстандағы ахуалдың өрістеуіне байланысты алаңдаушылығын білдіріп, Орталық Азияның осы өңірін назардан тыс қалдырмауға шақырды.

Хабар 24 телеарнасы