388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады

  • 414
  • UPD: 23:56, 09.04.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне министрліктің қазіргі қызметі және алдағы жұмыс жоспары туралы мәлімделді. Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы саяси бағытымыздың сабақтастығын қамтамасыз етудің және Қазақстанның стратегиялық серіктестерімен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған шараларды біртіндеп іске асырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ шет елдерге жасалатын сапарларға және халықаралық іс-шараларға мұқият дайындалу қажеттігін атап өтті. Ал Бейбіт Атамқұлов елімізде болған саяси оқиғаларды халықаралық ұйымдардың басшылары оң бағалап жатқанын жеткізді.

 Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- В Казахстане произошли очень серьезные политические изменения. Мы показали всему миру, что мы действуем в рамках Конституции, обеспечив спокойный и мирный транзит власти.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Халықаралық ұйымдардың барлық жетекшілері Сіздің атыңызға жолдаған құттықтау хаттарында Қазақстандағы биліктің ауысуын өркениетті жолмен, бейбіт әрі конституциялық тұрғыда жүргізілгендігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, олар Қазақстанның,,, халықаралық міндеттемелерді орындауын әрі қарай жалғастыратынына сенім білдіріп отыр. Бұдан бөлек, Сіздің жаһандық деңгейдегі бейбіт бастамаларыңыз бен қауіпсіздік тұрғысындағы ядролық қарудан бас тарту, оны әлемде таратпау жөніндегі аса маңызды ұсынысыңызды айрықша бағалауда. Сыртқы істер министрілігі Сіздің халықаралық ауқымдағы бастамаларыңыз бен әрекеттеріңіздің жүзеге асуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Поскольку я как председатель совета безопастности внешнюю и внутренюю политику страны, мы будем вместе выробатовать главные направление неизменность политического курса, которые будут до этого выроботанные. Прежде всего следует обратить внимание на отношения с ближайшими соседями. Они должны оставаться доверительными.  В настоящее время следует уделить внимание следующим вопросам. Во-первых, визит президента Южной Кореи в Казахстан. Во-в торых, поездка в Китайскую Народную Республику для участия в форуме «Один пояс, один путь». Также важно обеспечить соответствующую подготовку юбилейного саммита ЕАЭС, пятилетие которого мы будем отмечать в нашей столице.

Хабар 24 телеарнасы