379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚКХП кезектен тыс Президент сайлауына өз кандидатын ұсынады

  • 130
  • UPD: 17:38, 09.04.2019

Қазақстан коммунистік халық партиясы алда келе жатқан кезектен тыс Президент сайлауына өз кандидатын ұсынады.

Бүгін партияның кеңейтілген саяси бюросының отырысында осындай шешім қабылданды. Үміткердің есімі 26 сәуір күні өтетін партияның сьезінде белгілі болады. Айта кетейік, саяси ұйым Президент және Парламент сайлауына үзбей тұрақты түрде қатысып келеді.  Бүгінде оның 107 мың мүшесі бар. 

Айқын Қоңыров, Қазақстан коммунистік халық партиясы орталық комитетінің хатшысы:

- Біз Мемлекет басшысының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы шешімін  қолдаймыз. Біздің саяси ұйым сайлауға қатысуға дайын. Партияның сьезінде өңірлік ұйымдарымыз өзінің кандидаттарын ұсынады. Әдетте ол тізім 3-4 адамнан тұрады. Кейін сьезде Президент сайлауына қатысатын бір үміткер таңдалып, тиісті шешім қабылданады.

Хабар 24 телеарнасы