379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО Қазақстанда халықаралық талаптарға сай президенттік сайлау өтетініне үмітті

  • 166
  • UPD: 09:48, 10.04.2019

Еуроодақтың сыртқы істер ведомствосы Қазақстанда өтетін кезектен тыс сайлауға өз пікірін білдірді.

Баспасөз қызметі жариялаған мәлімдемеде Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы қатынастар ортақ құндылықтар, адамның негізгі құқықтарын сақтау, демократиялық принциптерді қадірлеу, заңның құрметтеу мен мемлекеттік басқару сапасына негізделгені ерекше аталған. Бұл принциптер Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы кеңейтілген серіктестік жөніндегі Келісімде бекітілген болатын. Мәлімдемеде Қазақстан Конституциясына және елдің халықаралық талаптар ұстанымына сай сенімге ие болатын және бүкіл халықты қамтитын президенттік сайлау өтетініне үміт артып отырмыз делінген.

Хабар 24 телеарнасы