389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бундестаг депутаты: Қазақстандықтар лайықты үміткерге дауыс береді деп сенемін

  • 306
  • UPD: 13:51, 10.04.2019

Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу елдегі тұрақтылықты сақтап, даму жолын жеделдетуге бағытталған ұтымды шешім.

Мұндай пікірді Бундестаг депутаты Генрих Цертик білдірді. Ол қазақстандықтардың саяси науқанға бей-жай қарамай, өз таңдауын жасайтынына сенім білдірген.

Генрих Цертик, ГФР Бундестаг депутаты:

- Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу арқылы Қазақстан билік ауысуын жылдам әрі демократиялық жолмен өткізуге бет алғанын байқатты. Әрине, Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция бойынша Президент болып тағайындалды. Дегенмен, халықтың өзі сайлаған басшының орны бөлек, құны жоғары болатыны белгілі. Сондықтан Қазақстандықтар өздері сенім артатын лайықты үміткерге дауыс береді деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы