389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейлік журналист: Қ.Тоқаев уақытша Президент емес

  • 526
  • UPD: 14:54, 10.04.2019

«Қасым-Жомарт Тоқаев уақытша Президент емес. Ол Мемлекет басшысы қызметін келер жылға дейін еш өзгеріссіз жалғастырудың орнына билік транзитін заңды түрде жүзеге асыруға кірісті», - дейді ресейлік журналист, халықаралық шолушы Леонид Млечин.

Мемлекет басшысының сайлау өткізу туралы шешімін жан-жақты зерделеген ол отандастарын Қазақстандағы өзгерістерге баса мән беруге шақырды.

Леонид Млечин, халықаралық шолушы, жазушы:

- Көрші ел, Қазақстанда болып жатқан оқиғаларға кейде біз таң қалып жатамыз. Неге екенін түсінген секілдімін. Себебі, бұған дейін біз ондағы өзгерістерге баса мән бермей келдік. Әсіресе, соңғы уақыттағы жаңалықтарды естігенде, әртүрлі болжам жасадық. Конституция бойынша Мемлекет басшысы болған Қасым-Жомарт Тоқаевты тек уақытша Президент деп ой түйдік. Алайда, өткен жолы бұның қате пікір екенін сіздерге айттым және ол рас болып шықты. Бұған Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешім қабылдауы дәлел. Негізінде ол 2020 жылдың сәуіріне дейін өз қызметін жалғастырып, қазақстандықтардың сеніміне әбден ие бола беруіне болатын еді. Алайда, бәрі басқаша әдіспен өрбіп жатыр. Президент заңды түрде халықтың сенімін иеленіп, өз міндеттерін жүзеге асырғысы келеді.

Хабар 24 телеарнасы