384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ялчын Топчу: Қазақстандағы сайлаудың жоғарғы деңгейде өтуіне тілектеспін

  • 935
  • UPD: 14:52, 10.04.2019

Қазақстан бүгінде Еуразияның жарқыраған жұлдызы. Сондай-ақ аймақтың экономикалық, саяси және демократия үлгісі іспеттес. 9 маусым күні өтетін жалпыхалықтық сайлау да мұның дәлелі. Түркия Республикасы президентінің бас кеңесшісі Ялчын Топчу «Хабар 24» арнасына берген арнайы сұхбаты барысында осылай деп айтты.

Оның сөзінше, Қазақстан президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың жариялаған үндеуі мемлекет пен аймақтың тұрақтылығы үшін маңызды.

Ялчын Топчу, Түркия Республикасы президентінің бас кеңесшісі:

- Қазірде төрткүл дүниеде түрлі жағдайлар болып жатыр, тұрақсыздық жайлап барады. Осы себепті, әрбір мемлекет үшін тұрақты басқару маңызды. Бұл елдегі экономикалық жағдайға және шетелмен қарым- қатынасқа әсер етеді. Қазақстан бұл тұрғыдан жылдам әрі дұрыс шешім қабылдады. 9 маусымда өтетін жалпыхалықтық президенттік сайлау арқылы бүкіл әлемнің сенімін тағы бір рет ақтады. Сондай-ақ бұл жағдайдан соң шетелдік инвесторлардың билікке деген сенімі артып, нақты қадамдар жасауына кедергі қалмайды. Түрік жұрты ретінде тамырлас елде сайлаудың жоғарғы деңгейде өтуіне тілектеспін.

Хабар 24 телеарнасы