379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар лайықты кандидатқа дауыс береді деген сенімдемін - саясаттанушы

  • 96
  • UPD: 15:50, 10.04.2019

Сайлаудың мерзімінен бұрын өткізілуі еліміздегі саяси жүйенің жедел оңалып кетуіне серпін береді.

«Бұған қоса, қоғам мен мемлекеттің дамуында үлкен рөл атқарады», - дейді германиялық саясаттанушы Александр Рар. Оның айтуынша, саяси науқан, әсіресе, ғаламдық өзгерістерге дайын болу үшін аса қажет.

Александр Рар, саясаттанушы (Германия):

- Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсынысы мемлекетке қауіп төндіретін түрлі сын-қатерлерге тосқауыл болды. Қазір әлемдік ахуал құбылып тұр. Мұндай сәтте елдің саяси, экономикалық  және әлеуметтік саласын нығайтып, қауіпсіздігін сақтау маңызды. Сондықтан президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу өте орынды шешім. Сайлау демократиялық жолмен өтеді және қазақстандықтар саяси науқанға жауапкершілікпен атсалысып, лайықты кандидатқа дауыс береді деген сенімдемін.

Хабар 24 телеарнасы