379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұртай Сәбильянов: Кезектен тыс сайлау халыққа да, мемлекетке де қажет

  • 101
  • UPD: 15:55, 10.04.2019

Елімізде кезектен тыс сайлау өткізу – демократиялық мемлекеттің айқын көрінісі.

Әрі бұл халыққа деген құрмет. Яғни, ел азаматтары өзі қалаған кандидатты таңдап алуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы бүгін Мәжіліс депутаттары пікір білдірді. Ал, саяси жағынан қарасақ, бұл, қауіпсіздік пен тұрақтылықтың кепілі. Себебі, ұзақ мерзімге стратегия жасап отырған Қазақ елі үшін тұрақты Президентті сайлап алу – аса маңызды, - дейді олар.

Нұртай Сәбильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Кезектен тыс сайлаудың тағайындалуы, бұл, біріншіден халыққа, екіншіден, мемлекетке қажет. Өйткені мемлекетте біз халықтың бірлігін, тұрақтылығын және азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғауымыз керек. Ал, Президент, Мемлекет басшысы ретінде мемлекеттің ішкі және сыртқы бағыттарын айқындайды. Сонымен қатар халықтың құқықтары мен бостандығының кепілі болып табылады.

 

Хабар 24 телеарнасы