379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда құрылған саяси жүйе тұрақтылығын сақтайды деген сенімдемін - Михаэль Лаубш

  • 99
  • UPD: 15:53, 10.04.2019

Президентті мерзімінен бұрын сайлау мемлекеттің түрлі сын-қатерлерден сүрінбей өтуіне үлкен септігін тигізеді.

Германиялық сарапшы Михаэль Лаубш осындай пікір білдірді. Оның айтуынша қазақстандықтар мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауына жауапкершілікпен қарап, бір кісідей ат салысады.

Михаэль Лаубш, Eurasian Transition Group институтының президенті, Германияның Орталық Азия бойынша сарапшысы:

- Қасым-Жомарт Тоқаев, президент сайлауының мерзімінен бұрын өтетінін жариялады. Мұндай шешім қабылдауына әлемдегі тұрақсыз ахуал әсер еткенін де атап өтті. Бүгінде жаһанда түрлі қауіп-қатер бар. Әсіресе, сіздердің елдеріңіз орналасқан аймақта жағдай құбылмалы. Мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсартып, қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Сондықтан мерзімімен бұрын сайлау өткізіп, мемлекет басшысын сайлап алу өте орынды шешім. Қазақстанда құрылған саяси жүйе тұрақтылығын сақтайды деген сенімдемін.

Хабар 24 телеарнасы