379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н. Назарбаев Nur Otan партиясы орталық аппараты құрылымдық бөлім жетекшілерімен кеңес өткізді

  • 183
  • UPD: 23:13, 10.04.2019

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының орталық аппаратында ауқымды жиын өткізді.

Тұңғыш Президент кеңесте алдағы сайлауға қатысты маңызды міндеттерге тоқталып, қызу дайындыққа кірісуді тапсырды. Партиялық жобалардың жүзеге асырылуын да басты назарда ұстады.

«Біз алдағы уақытта партия съезін ұйымдастырып, президент сайлауына өз үміткерімізді ұсынамыз». Тұңғыш Президент – Елбасы Nur Otan партиясы орталық аппаратында өткізген кеңесте осылай деп мәлімдеді. Жиын басталмас бұрын Нұрсұлтан Назарбаев саяси ұйым жүзеге асырып жатқан жобалармен жеке-жеке танысты. Алғашқысы – «Халыққа көмек». Бұл жоба партияның 18-съезінде қабылданған болатын. Бастама нәтижелі жүзеге асып келеді. Қазір оның аясында еліміз бойынша 234 бірыңғай әлеуметтік терезе жұмыс істейді. Оған халықтан 7 мыңнан астам өтініш түсіп, 40 пайызға жуығы тиісті шешімін тапқан.

«Бақытты отбасы» жобасы да нәтижелі. Партия мүшелері әр шаңырақтың берекелі тірлік етуін өз бақылауында ұстайды. Ал «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға күш салады. Алдағы 3 жылда 3 мың спорт алаңы мен 3 мың коворкинг орталығын ашу көзделіп отыр. Тағы бір жоба – «Құтты мекен». Ол аймақтардың инженерлік желісін дамытуға бағытталған.

Дегенмен партия үшін алдағы уақытта ең маңызды міндет президенттік сайлау болып отыр. Оны Елбасы кеңес кезінде баса айтты. Қолға алынуы тиіс міндеттерді тізбектеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Nur Otan партиясының төрағасы:

– Біз жақында Nur Otan партиясының съезін өткізіп, оның 20 жылдық мерейтойын атап өттік. Партияның жаңа мақсат-міндеттері айқындалды. Елімізде болған оқиғалар барша жұртқа белгілі. Мен ойланып, ақылмен осы шаруаны жасадым. Сондықтан партияға көп көңіл бөлетін боламын. Себебі мен партия төрағасы болып қала беремін. Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің заңды құқығын пайдаланып, Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Ол еліміз үшін үлкен саяси науқан болып саналады. Біз көп іргелі реформаларды атқардық. Қазақстанды осы дәрежеге алып келдік. Соның барлығында Nur Otan партиясы жаңашылдық танытып, тәуелсіздігіміздің бас партиясына айналды. Осы 30 жылдың ішінде басымдығымыз бар. Ең бірінші елдің арасындағы тыныштық, экономиканың дамуы, оның ішінде бірнеше саласы бар, мына шикізаттан бағынудан кету, басқа экономикаға көшу, үшіншіден жастарға білім беру 4-5 бағытымыз. Сол бағытпен жүреміз. Халықтың тұрмысын жақсартуға бірталай жұмыс істеп келе жатырмыз. Оның ішінде көңіл бөлетініміз, жастарды оқудан өткіздік, үйреттік, тәрбиелеп келе жатырмыз. Сондықтан алдағы уақытта осы бағыттарды жалғастыра беретін боламыз.

Елімізде билік сабақтастығын жалғастыру – маңызды міндет. Оған кез келгеніміз белсенді атсалысуымыз қажет. Тұңғыш Президент те бұл істі өз бақылауында ұстайтынын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Nur Otan партиясының төрағасы:

– Біздің елімізде жаңа басшылық жұмысына барынша көмектесуіміз керек. Өйткені мен үшін билік сабақтастығын жалғастыру өте маңызды. Ол – көп ойланып шешкен мәселе. Сайлау науқанына кірер кезде партияға ең үлкен жүк түседі. Съезд өткіземіз, өз кандидатымызды ұсынамыз.

Тәуелсіздік жылдары атқарылған жұмыс қыруар. Нұротандықтар саяси тұрғыда жетекші күшке ие болу үшін көп еңбек етті. Бұл жұмыс алдағы уақытта жалғаса береді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Nur Otan партиясының төрағасы:

– В годы независимости мы вместе проделали немалую работу. Партия «Nur Otan» утвердилось как ведущая политическая сила. Внесла свой огромный вклад в становление современного государства. Она консолидировала вокруг себя идеи реформ, прогресса, гражданского участия,  общественная стабильность и единство стало нашим главным, и в будущем тоже именно это будет помогать развитию. Нашими приоритетами всегда были и остаются обеспечение достойного уровня жизни граждан, развитие Казахстана как социально ориентированного государства. Сегодня нам придется мобилизовать наши силы, чтобы провести политическую кампанию, которая нам предстоит. Досрочные выборы необходимы для дальнейшего укрепления  легитимной власти  обеспечения стабильности в стране. Главная задача заключается в обеспечении спокойного транзита власти. Нам нужно провести съезд партии, на котором следует выдвинуть кандидатуру на предстоящих выборах Президента страны. Мы это сделаем. Соответствующее постановление о созыве внеочередного 19 съезда партии я сегодня подпишу. Аппарат партии должен оперативно провести всю необходимую работу по подготовке съезда. После выдвижения нужно организовать работу Общественного избирательного штаба кандидата от нашей партии. Этой работой займется мой первый заместитель Маулен Ашимбаев. Выборы должны пройти в полном соответствии с законодательством страны и с соблюдением всех демократических норм и процедур. При этом призываю всех участников будущей избирательной кампании действовать в правовом поле, соблюдая базовые принципы политический конкуренции. Казахстан будет четко следовать курсу построения правого демократического государства, и мы это будем делать.

Тарихи кезеңде тосылып қалмауымыз қажет. Тұңғыш Президент осыны баса айтты. Партия мүшелері болса, Елбасы үдесінен шығатынын жеткізді.

Мәулен Әшімбаев, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

– Қазіргі таңда еліміз аса маңызды тарихи кезеңді бастан өткеруде. Осындай жауапты сәтте барлық басымдықтарды сақтай отырып, сіздің саясатыңызды әрі қарай тиімді жүзеге асырудың еліміз үшін маңызы өте зор. Сондықтан сіздің тәуелсіздігімізді күшейтуге, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға еліміздегі жүйелі жаңғыртуға бағытталған саясатыңыз партия мен оның мүшелері үшін ең негізгі басымдықтар болып табылады. Біз міндеттерді орындауды қамтамасыз етеміз. Соған сендіргім келеді.

Саяси науқанды өткізу арқылы ұлттық мүдде де ескеріліп отыр. Сондықтан партия өкілдері жер-жерде қызу дайындыққа кірісіп кетті. Алдымен жақын күндері өтетін съезге делегаттар сайланады. Сосын сол жиында президенттікке үміткер анықталуы тиіс. Бұған дейін берілген тапсырмалар да нәтижелі орындалуы шарт.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Nur Otan партиясының төрағасы:

– Предстоящий период партия должна организовать работу по следующим направлениям. Главное, конечно, принять активное участие в предвыборной кампании. Это проведение внеочередного съезда, большая работа. Организация работы общественного избирательного штаба. Это потребует слаженной работы региональных филиалов. Должны подключиться первичные организации. На партии лежит большая ответственность – обеспечить преемственность выбранного нами политического курса и выполнение всех обозначенных мною стратегических задач. Мы с вами сделали очень многое. И спокойно передали эстафету следующему поколению. Следующие поколения должны следовать курсу. Именно в этом заключается стабильность и развития. «Nur Otan» стала главным локомотивом модернизации Казахстана. Поэтому все поставленные задачи должны быть решены в полном объеме.

Елбасы кеңес соңына қарай партиялық жобаларға тағы бір мәрте тоқталды. Төртеуі бірдей жүзеге асырылса, ел үміті ақталады деді Тұңіғыш Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Nur Otan партиясының төрағасы:

– Әр қайсысы өте үлкен шаруа. Мысалы Бақытты отбасы, оның ішіне толып жатқан шаруалар бар. Барлығы бірдей жұмыс істеу керек. Құтты мекен әр ауылда әр қалада өзінің тұрған жеріне дұрыс болуы үшін көңіл бөлуі керек. Ауыл ел бесігі оны да көп нәрсе жасап жатырмыз. Ауылдан шыққан азаматтардың өз ауылына көмек көрсету мәселесі. Сонан кейін халыққа көмек. Осы төртеуін қолда ұстасақ біздің нәтижелі жұмыс істеуіміздің барлық бағдарламасы бар.

Президент партияның кадрлық бағдарламасына да басымдық берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Nur Otan партиясының төрағасы:

– На съезде мы приняли программу партии Nur Otan до 2030 года. Партия должна стать ключевым источником кадров для системы государственного управления. Как правящая партия она имеет право выдвигать своих членов на ответственные позиции в системе государственный службы. Для этого до 1-го сентября надо сформировать Республиканский кадровый резерв партии, внести его мне на рассмотрение. Надо продолжить готовить достойные кадры на региональном уровне и включение в резерв на местном уровне. Перед секретариатом я поставил конкретные задачи в конце месяца проведем сессию ассамблеи и те же задачи будем там вставить. Партия «Nur Otan» должна быть главным институтом в разъяснении сути моей политики. Время и достигнутые результаты показали, что выбранный нами курс был правильным. В целях его дальнейшей реализации нужно организовать конкретную работу.

Nur Otan – халық пен билік арасындағы алтын көпір. Оның жұмысын Елбасы енді тікелей өз бақылауында ұстамақ.

Авторы: Рауан Мыңбаев

Хабар 24 телеарнасы