378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кезектен тыс президенттік сайлауға қатысты Мәжіліс депутаттары пікір білдірді

  • 141
  • UPD: 18:04, 10.04.2019

«Ұзақ мерзімге стратегия түзіп отырған Қазақстан үшін Президент сайлауы аса маңызды», – дейді депутаттар.

Мәжілісмендердің айтуынша, сайлауды мерзімінен бұрын өткізу, яғни транзиттік билікті тәмамдау сырттан келген ірі инвесторлардың да көңіліне сенім ұялатады. Әрі әлем елдерінің алдында бейбіт мемлекет ретінде танылған қазақ елі үшін тұрақтылық қашан да құнды.

Бақытгүл Хаменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бізге қазір уақытша емес, тұрақты билік қажет.

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бұл маңызды іске барша Қазақстан халқы жауапкершілікпен қарап, белгіленген күні өз ықтиярын білдіреріне сенімдіміз. Осы арқылы қазақ елінің көші түзу, ынтымағы берік болып, бағдарымыздың айқын, келешегіміздің жарқын болатынын тағы бір айғақтай түседі деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы