379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Nur Otan партиясының съезі 23 сәуірде өтеді

  • 214
  • UPD: 20:41, 10.04.2019

Nur Otan партиясының Төрағасы - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс XIX Съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды.

23 сәуірде өтетін съезде Nur Otan атынан президент сайлауына қатысатын үміткер анықталады. Сондай-ақ бүгін ұйым төрағасының бірінші орынбасары М. Әшімбаев алдағы уақытта партия қай бағытта жұмыс істейтінін де тілге тиек етті. Нұротандықтар бірінші кезекте Елбасы айқындаған стратегиялық міндеттердің толықтай іске асуына ықпал етеді.

Мәулен Әшімбаев, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

– Біз Nur Otan партиясының мүшелері кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді қолдаймыз. Ол елдегі тұрақтылықты одан әрі бекемдеуге ықпал етіп, еліміздің Тұңғыш Президенті айқындаған барлық стратегиялық басымдықтарды іске асыру үшін маңызды. Елбасының Президент өкілеттігін тоқтатуы еліміздің заңдары мен Конституцияға сай өтті. Бұл ретте жалпыұлттық дауыс беру билік институттарын нығайтып, қоғамдағы белгісіздікті жоюға мүмкіндік береді. Бұл тек біздің қоғам үшін ғана емес, шетелдік инвесторлар мен серіктестеріміз үшін де маңызды.

Хабар 24 телеарнасы