379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

  • 146
  • UPD: 23:08, 10.04.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті.

Бұл жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаузалды. Келелі кеңесті ашқан Тұңғыш Президент өз сөзінде соңғы саяси оқиғалар әлемдік қауымдастықтың қызығушылығын арттырғанын атап өтті. Сондай-ақ ол маңызды саяси шешім қабылдағаны үшін Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткерлері мен өндірістік ұжымдардан қолдау білдірген хаттар, сонымен бірге мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан телефон қоңыраулары көптеп келіп түсіп жатқанын да айтты. Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қазақстандықтардың мүддесі үшін стратегиялық бағдарламаларды әрі қарай да жүзеге асыру маңызды екеніне тоқталды. Жиын барысында Тұңғыш Президент Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смаилов пен Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың баяндамаларын тыңдады. Елбасы аймақтардағы экологиялық жағдайды бақылауды күшейтіп, осы саладағы заңдар нормаларын бұзу деректеріне тосқауыл қою керектігіне ден қойды. «Бұл халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған», – деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев. Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Үкіметке, облыс әкімдеріне, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Хабар 24 телеарнасы