379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парламент депутаттары президенттік сайлауға қатысты не дейді?

  • 111
  • UPD: 23:48, 10.04.2019

Депутаттардың айтуынша, ұзақ жылдарға жасаған стратегиялық жоспары бар қазақ еліне тұрақты басшы қажет.

«Ал халық тарапынан сайлауға деген белсенділік пен оның әділ өтуін қамтамасыз ету – ең маңызды дүниелердің бірі», – дейді олар.

Шавкат Өтемісов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Қазіргі жағдайда президент жұмыс атқарып жатыр. Дегенмен нақты, толыққанды жұмыс атқару үшін президент сайлауы өту керек. Яғни халықтың мандатына ие болу қажет. Сондықтан осы қадамға бару қазіргі жағдайдағы белгісіздік кезеңінен тезірек өту мақсатымен іске асырылып жатыр деп ойлаймын.

Берік Дүйсенбинов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Қазір таң менен түннің ортасы. Елдің сенімін иемденген президентімізді анықтап алуымыз керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі айтқан әділ және ашық сайлауды өткізіп алуымыз керек. 

Хабар 24 телеарнасы