379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Жас Отан» жастар қанаты 4 млн-ға жуық жасты саяси науқанға қатысуға шақырды

  • 176
  • UPD: 23:49, 10.04.2019

«Конституциялық құқығыңды пайдалан. Сайлауда дауыс бер». «Жас Отан» жастар қанаты елдегі 4 млн-ға жуық жасты саяси науқанға қатысуға шақырды.

Қазір елдегі 3 млн 900 мың қазақстандық жастың шамамен бір миллионы – түрлі ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері. Яғни белсенді жастар. Ал алдағы сайлауда олардың қандай белсенділік танытатыны әзірге белгісіз, бірақ жасотандықтардың айтуынша, бұл көрсеткіш 70-80% кем болмайды.

Дәулет Кәрібек, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы:

– Еліміздегі жастардың саяси белсенділігі жоғары. Сондықтан алдағы президенттік сайлауда жастардың өсімі пайыздық жоғары. Биыл да жастар дауыс беру құқығын толық пайдаланып, сайлауға түгел келеді деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы