379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанды саяси тұрақтылық ерекшелендіреді – А.Маркаров

  • 61
  • UPD: 14:28, 11.04.2019
Қазақстанды саяси тұрақтылық ерекшелендіреді – А.Маркаров

Кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу - Қазақстанның озық 30 елдің қатарына қосылуының стратегиялық мақсатына жетудегі алғышарт. ТМД елдері институтының Армениядағы бөлімшесінің жетекшісі осындай пікір білдірді.

«Қазақстан халқы - Тұңғыш президент бастаған дамудың бағыт-бағдарын ұстанатынына сенімдімін» дейді сарапшы.

Александр Маркаров, ТМД елдері институтының армениядағы бөлімше жетекшісі:

- Жаңа Президентті сайлаудың мерзімі жария болды. Яғни Қазақстанда құрылған саяси жүйе тұрақтылығын сақтайды. Президенттіктен үміткерлердің біріне халық дауыс беріп, сайлары анық. Және ол өзі ұсынған даму бағдарламасы бойынша ғана емес, Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында қабылданған құжаттарға сәйкес халыққа қызмет атқаратын болады. Өйткені Тұңғыш Президент елдің даму бағытын айқындап кеткен. Жаңадан сайланған басшы саяси-экономикалық даму үрдісін жүйелі түрде жалғастырады. Қазақстанды ерекшелендіретін де осы саяси тұрақтылық.

Хабар 24 телеарнасы