379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасының Еуразиялық бастамасына 25 жыл толды

  • 129
  • UPD: 14:58, 11.04.2019

Идеядан шынайы болмысқа. 25 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған «Еуразиялық бастамасы» осындай ұранды ту еткені белгілі.

Мұны Азия мен кәрі құрлық елдерінің өкілдері де қолдап, Еуразиялық экономикалық кеңістіктің пайда болуына септескенін бір ауыздан мойындады. Назарбаев орталығында ұйымдастырылған бүгінгі шара да осы ұлық идеяның ширек ғасырына арналып отыр. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения елдерінен жоғары лауазымды тұлғалар келіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде жария еткен «іс жүзіндегі еуразиялық» идеясын талқылап, жеткен жетістіктерге оң баға берді.

Виктор Садовничий, М.В.Ломоносов атындағы мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры:

- Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық бастамасы туралы жария еткенде мен сол жиналыстың жүргізушісі болдым. Алғаш рет естігенімізде жиналысқа қатысушылармен бірге ұмытылмас бір әсер алдық. Бастамаға сенімсіздікпен қарағандар да болды. Өйткені Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ТМД елдерінің барлығы дерлік жаһандық экономикалық сахнада өз жолын іздеп жатты. Бүгінде міне Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. 2014 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы біздің университетке келіп, еуразиялық бастаманы одан ары дамыту туралы дәріс оқыды. Яғни осы арқылы идеяның із жүзінде орындалып жатқанын көруге болады.

Хабар 24 телеарнасы